Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ

Қазақстан Республикасы "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№34 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 7 Қабылдау бөлмесі: 8(7132) 73-05-86

Директор: 8(7132) 73-05-85

Мектеп тарихы сыр шертеді...

Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінің іргетасы 1962 жылы қаланып, қаладағы ең алғашқы қазақ мектептерінің қатарындағы № 21 мектебі болып ашылды. Ал 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Ақтөбе қалалық халық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің 1991 жылдың 1 тамызындағы № 1376 шешімімен № 34 қазақ мектебі болып ашылды.Мектептің алғаш директоры болып, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі Курганбаев Аманжол Салимович тағайындалды. Аманжол Салимович мектепті жиырма бір жыл басқарды. Ақтөбе қаласында алғашқылардың бірі болып ашылған қазақ мектебінің өсіп - өркендеуіне, жас жеткіншектердің білімді де, білікті азамат болып, өмірден өз орнын табуына Аманжол Салимовичтің еңбегі орасан болды. Мектепте нағыз өз ісінің шеберлері, ардагер ұстаздар: З.Алгиева, З.Нокина, З.Кушалиева, У.Доскалиева, Ж.Игликова, М.Ускембаева, К.Досымова, У.Алиева, З.Сальмен, Р.Берстенова, Ы.Кунтлеуова, К.Кенбаева еңбек етті.Алғашқылардың бірі болып құрылған қазақ мектебінің қалыптасуына сол кездегі мектеп директорының орынбасарлары: Г.Төленияз, И.Жиеналина, С.Сарсенғалиева, Г.Туребаева, К.Абуова, А.Калиева, А.Кушербаева, С.Шаштыгарина, С.Укасова, Р.Кыстаубаевалар бар ынтамен еңбек етті. Сол кездегі мектеп ұжымында өз кәсібіне берілген, өскелең ұрпақты дайындауды тынбай еңбек еткен ұстаздар: А.Айжарикова, Х.Бекмуратов, К.Утарбаева, С.Кожабеков, А. Джаксыбаева, Е.Рсмаганбетов, С.Муратова, Е.Толенбергенов, Т.Еренова, С.Айгужина, А.Сейтемов, Н.Есендосов, М.Қорғанбек, Е.Азиев, Р.Карагизова, Г.Баймуханова, К.Кахарманов. Мектептегі бастауыш буынның қалыптасуына өз үлестерін қосқан, білікті ұстаздарды ерекше атап өтуге болады: Г.Сагинтаева, Г.Сатыбалдина, С.Қиғашева, С.Кожан, Г.Демеубаева, А.Смаилова. Мектеп психологтары А.Музеева, Г.Имангазина, мектеп кітапханашысы Р. Шаекенова өз істерінде нағыз кәсіби шеберлік танытты.

Мектепті қалыптастырудағы нағыз жауапты сәттерде мектеп ұжымы ерекше құлшыныспен еңбек етті. Ұстаздар ұжымы шәкірттерімен бірлесе отырып, үйірме жұмыстарын жандандырды.Ең құнды нәрсе - ата-аналардың мектепке деген қолдауы, сенімі болды. Мектепке 2012 жылы жаңа басшы болып, бірнеше қала мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары болып қызмет атқарған тәжірибелі ұстаз Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы тағайындалды. Дәмелі Қойбаққызы директор болып қызмет еткен жылдары мектептің материалдық – техникалық жағдайының жақсаруына,зор үлес қосты.

2018 жылдан бастап жоғарғы санатты ұстаз,гуманитарлық ғылым магистрі Айзакова Алима Жолмуратовна Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебіне директор болып тағайындалды.Алима Жолмуратовна өзінің педагогикалық еңбек жолында елеулі жетістіктерге жетіп,жасаған еңбегі еленіп, "Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы Үздік оқытушы",атағы берілді. "Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін","Білім беру саласының үздігі" төсбелгілерімен марапатталды.