Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінің іргетасы 1962 жылы қаланып, қаладағы ең алғашқы қазақ мектептерінің қатарындағы № 21 мектебі болып ашылды. Ал 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Ақтөбе қалалық халық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің 1991 жылдың 1 тамызындағы № 1376 шешімімен № 34 қазақ мектебі болып ашылды.Мектептің алғаш директоры болып, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі Курганбаев Аманжол Салимович тағайындалды.