Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ
![](https://34school.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/Изображение-WhatsApp-2022-11-22-в-09.11.59.jpg)
![](https://34school.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/-e1674723550362.png)
Педагогтерді жұмысқа қабылдау
Педагогтерді жұмысқа қабылдау
№34 орта мектебіне 07.11-15.11 аралығында педагогті конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
– Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
– Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
– Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған.
Ақтөбе қаласы.Әбілхайыр хан 7. тел: 730586
87752722435, мектеп почтасы school34@mail.ru
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
![](https://34school.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/кр-бил-мин.png)
![](https://34school.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/кундел1ик.png)
![](https://34school.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/отд-об-актобе.png)